Бүкіләлемдік Статистика күні
Ресми статистика барлық елдердің қоғам және Үкіметі үшін өсуші рөл атқарады. Қазіргі кезде жоғары сапалы статистикалық деректер ұлттық, өңірлік және әлемдік деңгейде қолжетімді. Олар ашық пікір-сайыстарда, саяси шешімдерді және бизнес-шешімдерді қабылдағанда қолданылады. Ресми статистиканы жинау және таратумен айналысатын Ұлттық статистикалық қызметтер, аса маңызды ұлттық институттарға айналды. Сапалы статистикалық деректерді қалыптастыру халық санағын, халық немесе үй шаруашылықтарын зерттеулерді, әкімшілік деректерді біріктіру, ЖІӨ есептеу және бағалау, баға немесе Мыңжылдықты Дамыту Мақсаттарын бағалау, туу және өлім статистикасын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Жыл сайын 80-ге жуық мемлекет өз елдерінде Статистика күнін мерекелейді, кейбір мемлекеттер апталық жалғасымдылықты сақтайды не Статистика күнін әр бес жыл сайын мерекелейді.
Бүкіләлемдік Статистика Күнін мерекелеу БҰҰ Статистика бөлімімен бастамашылық етілген және ғаламдық компонент ретінде бүгіндегі ұлттық және өңірлік мейрамдардың қатарына қосылатын бірегей оқиға ретінде жоспарлануда.
2008 жылғы қыркүйекте БҰҰ Статистикалық бөлімі мемлекетер, өңірлік және халықаралық ұйымдардан Бүкіләлемдік Статистика Күнін 2010 жылғы 20 қазандағы өткізу бойынша өз пікірлерін және ұсыныстарын жіберуге сұрау салды. Бастама көптеген елдерден қолдау тауып, 2009 жылғы ақпандағы Статистикалық Комиссияның 40 отырысында хабарланды.
Бүкіләлемдік Статистика Күнін мерекелеудің негізгі тақырыбы – бұл «Ресми статистиканың көптеген жетістіктерін мерекелеу, Қызмет етудің, Адалдықтың, Кәсібиліктің негізгі құндылығы».
Бүкіләлемдік Статистика Күнін мақсаты ресми статистиканың көптеген жетістіктерінің атақтылығын арттыру болып табылады. Аталған іс-шаралар респонденттерден бастап статистикалық деректерді пайдаланушыларға дейінгі кең аудорияға арналған.
ü UNSD сайтында Бүкіләлемдік Статистика Күні туралы