Негізгі бет
Агенттік туралы
Жарияланымдар
On-line есептілік
Респонденттерге
Жіктеуіштер
ХВҚ-ның стандарттары
Мемлекеттік сатып алулар
Блогтар
Инновациялар статистикасы бойынша негізгі ұғымдар 
 
 
 

Инновациялар статистикасы бойынша негізгі ұғымдар

 

Инновация - жаңа немесе жетілдірілген өнім (тауарлар, қызметтер) немесе  технологиялар түрінде іске асырылған, қолданылатын сол тақылеттестермен  салыстырғанда практикалық қызметте пайдалану кезінде сапалық артықшылықтарға ие әрі экономикалық және (немесе) қоғамдық пайдасы бар ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі

 «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының (1-тармағы).

Инновациялардың түрлері

Өнімдік инновация бұл ерекшеліктері немесе пайдалану тәсілдері бөлігі бойынша жаңа немесе айтарлықтай жақсарған тауар немесе қызметтерді енгізу.
Үдерістік инновация бұл жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған өндіріс тәсілдерін немесе өнімді жеткізуді енгізу. Мұнда техникалық үдерістердегі, жабдықтардағы және/немесе бағдарламалық қамтамасыз етудегі айтарлықтай өзгерістер кіреді. 
Маркетингілік инновация бұл өнімнің дизайнында немесе қаттамасына, оның қоймалануына, нарыққа қосылуына немесе сату бағаларын белгілеуде айтарлықтай өзгерістерді қоса, маркетингінің жаңа әдістерін енгізу.

Ұйымдық инновация фирманың іскерлік тәжірибесіне, фирманың бұрын өндірілген өнімдерден өзінің сипаттамасы мен арналуы бойынша айтарлықтай ерекшеленетін тауарлар мен қызметтер жаңа өнім деп саналады. Бар өнімнің айтарлықтай жақсаруы олардың қасиетін жақсартатын бұйымдардың материалдарында, құрамдары мен басқа да сипаттарындағы өзгерістер есебінен жүзеге асырылады.

Инновациялық белсенділік

Инновациялық фирма ол бақылау кезеңінің ішінде қандай да бір инновацияны енгізген фирма. Инновациялық фирмаларды инновацияларды басты түрде өз күштерімен немесе басқа да фирмалармен бірлестікте немесе мемлекеттік (қоғамдық) зерттеу ұйымдарымен әзірлеген немесе өз қызметінде басқа фирмалармен әзірленген инновацияларды алып пайдаланатын фирмалар деп бөлінеді. Инновациялық фирмаларды жүзеге асырылған инновациялар түрлері бойынша бөлуге болады: олардың біреуі жаңа өнім немесе үдерісті игеруі мүмкін, басқалар жаңа маркетингілік әдістер, үшіншілер – ұйымдастырушылық өзгерістерді жүзеге асыруы мүмкін.

(Осло нұсқаулықтары: Инновациялар бойынша деректерді жинау және талдау туралы ұсыныстар)