Негізгі бет
Агенттік туралы
Жарияланымдар
On-line есептілік
Респонденттерге
Жіктеуіштер
ХВҚ-ның стандарттары
Мемлекеттік сатып алулар
Блогтар
   

2012 ж. 24 мамыр айында V Астана экономикалық форумы шеңберінде «Жаһандырудың әлеуметтік-экономикалық дамуға және өңірлік интеграцияға әсері: бізде дәйекті цифрлар бар ма?» панелді сессиясы өтеді.

Бұл іс-шара статистика саласындағы басшылар үшін статистиканың тиісті мәселелері бойынша көзқарастар мен тәжiрибе алмасу үшiн жемiстi диалогты платформа болуы тиіс. Сессия шеңберiнде Қазақстанның ұлттық статистикалық қызметiн дамыту және халықаралық статистикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Сессияның негiзгi баяндамашылары БҰҰ статистика бөлімі, БҰҰ ЕЭК статистика бөлімі, АТМЭӘК статистика бөлімі, Еуростат, ТМД Статистикалық комитеті, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры сияқты жетекші халықаралық статистика ұйымдарының басшылары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен басқа елдердің ұлттық статистика кеңселерінің басшылары болып табылады деп күтілуде.

 

Панелді сессия:

«Жаһандырудың әлеуметтік-экономикалық дамуға және өңірлік интеграцияға әсері: бізде дәйекті цифрлар бар ма?»  

Өткізу күні және уақыты: 2012 ж. 24 мамыр, 14.30-18.00

Өткізу орны: Тәуелсіздік сарайы, 1 қабат, Салтанат залы  

Сессияның төрағасы: Лидия Братанова, БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының Статистика бөлімінің директоры (БҰҰ ЕЭК )

Сессияның хатшысы: Габриель Гамез, БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының Жергілікті кеңесшісі 

I Сессия

«Ғаламдық және аймақтық деңгейдегі статистика мәселелері»

Модератор – Лидия Братанова,  БҰҰ-ның Статистика бөлімінің директоры 

14.30-14.45

Ашылуы

Лидия Братанова,  БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының Статистика бөлімінің директорының сәлем сөзі және спикерлермен танысу 

14.45-15.45

Дуглас Брукс, Азиялық даму банкінің  саясатты зерттеу және дамыту көрсеткiштері бөлiмiнің  директоры және Бас экономисттың көмекшiсi (тақырып күтілуде) 

Брайан Пинк, Австралия статистикалық бюросының басшысы (күтілуде)

Ә. Смайылов, ҚР Статистика агенттігінің төрағасы,

«Жаһандарудың шарттарындағы ұлттық статистикалық офистердің негізгі шақырулары және перспективалары Қазақстан үлгісінде» 

Мохаммед Эль Корчи, Халықаралық валюта қорының стастистика департаментінің, Таяу Шығыс және Орталық Азия бойынша жергілікті менеджері, деректерді тарату және шолу бөлімінің бастығы

«Сүрелі әлемдік дағдарыстың статистикалық салдары» 

Саваш Алпай, Ислам елдердегі Статистикалық, экономикалық  және әлеуметтік зерттеулер орталығы (SESRIC), Бас директоры,

«Статистика әлеуетінің даму мәселелері»

15.45-16.00

Залдан сұрақтар және пiкiрталас 

16.00-16.30 

Кофе-брейк

II Сессия

«Жаһандырудың әсері – бізде дәйекті цифрлар бар ма»

Модератор – Владимир Соколин, ТМД-нің Мемлекетаралық Статистика комитетінің төрағасы  

16.30-17.30

Мустафа Динч, Дүниежүзілік банктің Бас экономисі және статистигі

«Жаһандандыру, жайылтпаушылық  және статистика»

Дитер Сарайтер, Германия Федералдық статистикалық офистың Вице-призиденті

«Көп деңгейлі статистикалық жүйеде іс-әрекеттерді таңдау»

 К. Лайкам, Ресей Федерациясының мемлекеттік статистика Федералдық қызметі басшысының орынбасары

 «Жаһандандыру шарттарындағы әлеуметтiк ілгерілікті өлшеу: әдiстердiң және институттардың эволюциясы»

Д. Ақышев, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Төрағасының орынбасары 

17.30-17.45

Залдан сұрақтар және талқылау 

17.45-18.00

Жабылу