-
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
-
Құқықтық ақпарат қызметі
2010 жылдың 5-ші қаңтарында Әділет министрлігі халыққа тегін және білікті заң қызметтерін көрсету мақсатында, Құқықтық ақпараттық қызметін құрды.
Кеңестер барлық құқықтық сауалдар бойынша беріледі. Сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметтері, лицензиялау саласы, құжаттандыру, заңды тұлғалармен жылжымайтын мүлікті тіркеу және заңнамалар талаптарына байланысты егжей-тегжейлі түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Клиенттің сұрағына нақты жауап қажет болған жағдайда, Құқықтық ақпараттық қызметтің қызметкері мүдделі мемлекеттік органның құзырына байланысты сауалдаруға жауапты тұлғалармен қосады.
Құқықтық ақпараттық қызметтің міндеті - азаматтардың туындаған мәселесін құқықтық ақпарат арқылы бір қоңыраумен шешімін табу.
58-00-58 номеріне хабарлау Қазақстанның Астана, Алматы қалаларынан және облыс орталықтарынан тегін болып табылады.
Жұмыс кестесі: дүйсенбі мен жұма аралығында, сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Бейнегалерея