Негізгі бет
Агенттік туралы
Жарияланымдар
On-line есептілік
Респонденттерге
Жіктеуіштер
ХВҚ-ның стандарттары
Мемлекеттік сатып алулар
Блогтар

 Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу туралы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы №1297 қаулысымен бекітілген нәтижелерге бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 мамырдағы мәжілісінде мақұлданған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Стратегиялық жоспарын әзірлеу жөніндегі Әдістемелік ұсыныстарына сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарының жобасын әзірледі.

Стратегиялық жоспар жыл сайын үш жылдық кезеңге әзірленеді және бөлінген бюджеттік лимиттермен өзара байланыста негізгі стратегиялық бағыттарды, мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету үшін өзара байланыста ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, қаржылық және техникалық шаралар кешенін белгілейді, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі кезеңге Стратегиялық дамуымен анықталған экономикалық дамуының ұзақ мерзімді стратегиялық басымдылықтары есебімен қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін күтілетін нәтижелер көрсеткіштерінің мерзімдері мен ресурстары бойынша келісілген жүйесін белгілейді.

Стратегиялық жоспар келесі негізгі бөлімдерден тұрады:

1)  миссия және көріпкелдік;

2)  ағымдағы ахуалды талдау;

3)  мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері;

4)  мемлекеттік органның функционалдық мүмкіндіктері және мүмкін тәуекелдік;

5)  нормативті құқықтық актілер;

6)  бюджеттік бағдарламалар.

Әдістемелік ұсыныстарға сәйкес Стратегиялық жоспарды ұсыну және бекітудің келесі мерзімдері анықталды:

жоспарланған кезеңнен кейінгі жылдың 5 мамырына дейін, республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне үш жылдық кезеңге бюджеттік шығыстар лимиті шегінде бюджеттік өтінімдермен бірге Әдістемелік ұсыныстарға сәйкес әзірленген Стратегиялық жоспарлар жобаларын ұсынады.

жоспарланған кезеңнен кейінгі жылдың 20 мамырына дейін, бюджеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті орган Стратегиялық жоспарлар және бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарастырады және олар бойынша ескертулер мен ұсыныстарды бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне береді.

жоспарланған кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін, республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері Стратегиялық жоспарлардың өңделген жобаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті органға қайтара ұсынады.

жоспарланған кезеңнен кейінгі жылдың 1-нен 25 маусымына дейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі өкілетті орган өз қорытындыларымен Стратегиялық жоспарлар жобаларын бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.

жоспарланған кезеңнен кейінгі жылдың 1 тамызына дейін, республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бюджеттік комиссияның қабылданған шешімдеріне сәйкес Стратегиялық жоспардың жобаларын келтіреді. Парламентте бюджет жобасын қарау барысында республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері Стратегиялық жоспарлар жобасын қорғайды, тиісті шешім қабылдаған жағдайда оларды түзетеді.

жоспарланған кезеңнен кейінгі жылдың 20 желтоқсанына дейін республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің тиісті жоспарлық кезеңге Стратегиялық жоспарлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарының жобасымен (ағымдағы жылдың 20 маусымындағы жағдай бойынша) сілтеме бойынша танысуға болады.