Негізгі бет
Агенттік туралы
Жарияланымдар
On-line есептілік
Респонденттерге
Жіктеуіштер
ХВҚ-ның стандарттары
Мемлекеттік сатып алулар
Блогтар
         Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар 

         Қазақстан Республикасы Статистика агенттігімен сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрестің тиімділігін одан әрі арттыру мақсатына бағытталған жұмысты жүргізеді.    

         Сонымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны орындау тұрғысында Агенттік төрағасының 2011 жылғы 3 мамырдағы № 125 бұйрығымен  Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

         Іс-шаралар жоспары Агенттіктің барлық құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізілді.

         Азаматтардың ақпаратқа еркін қол жеткізуін ұсыну және уақтылы жаңарту мақсатында Агенттіктің ресми Интернет-ресурсында статистикалық бизнес-тіркелімінен ай сайын құпиялы емес ақпарат жаңартылып отырады, апта сайын «Бизнес-тіркелімдері» бюллетені орналастырылады, ұлттық шоттар, конъюнктуралық зерттеулер, шағын және орта кәсіпкерлік, сатып алу-сату мәмілесінің саны бойынша «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры туралы» жинақ жаңартылып отырады. Сондай-ақ Агенттіктің ресми Интернет-ресурсындағы «Қазақстан цифрларда», «Жарияланымдар», «Әдіснама» бөлімдерінде қалыптастырылатын статистикалық ақпарат уақтылы жандандырылып орналастырылады.   

Агенттіктің аумақтық органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  бойынша мәселе «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органдары, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) өкілдерін шақыра отырып, салалық департаменттердің, басқармалардың қатысуымен өткізілетін дөңгелек үстелдерде, брифингтерде, жалпыға бірдей оқуда талқыланады.  

          Агенттікте және аумақтық органдарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшіктер орналастырылған.  2011 жылғы есепті кезеңге Агенттікке азаматтардың сыбайлас жемқорлық фактілерінің болуы мәніне өтініштер түскен жоқ.

          Агенттікте және аумақтық органдарда басшылық құрамның азаматтарды жеке қабылдау графигі бекітілді, сенім телефондары орнатылып, мемлекеттік қызметшілер этикасын бақылау кітаптары басталды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің мәтіні көпшілікке таныту үшін қол жетімді жерде орналастырылды. Мемлекеттік қызметшілермен жыл сайын салық органдарына кірістер туралы декларациялар тапсырылады.

Сонымен бірге, Агенттік туралы ережеде, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық органдары туралы ережеде бірінші басшылармен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдауы бөлігінде толықтырулар енгізілді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапкершілік белгіленді. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықтық бұзушылықтарға тартылған Агенттіктің лауазымды тұлғалары 2011 жылғы есепті кезеңде жоқ.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі басшылығының тұрақты бақылауында.