Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» заңына сай Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі статистика бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастырушы және іске асырушы орган болып танылады. Қазақстан Республикасының Президентінің 1998 жылдың 30.06 «Мемлекеттік басқару органдарын белсендіру шаралары туралы» Жарлығына сай Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып саналады. Статистикалық есеп жүргізу әдістемелерін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының сатистика жөніндегі Агенттігі тәуелсіздікке ие, өз қарамағындағы аймақтық құрамдарына басшылық етеді, өзіне бағынышты ұйымдардың әрекетін бағыттайды.
Өкілетті органның статистиканы ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының заңдылығымен бекітілген жағдайда барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып саналады.
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің негізгі мәселелері:
- мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды дайындау,
- халықаралық стандарттарға және ғылыми әдістемелерге сай бірдей статистикалық ақпараттық жүйені жақсартуды және іске асыруды қамтамасыздандыру,
- статистикалық көрсеткіштердің толық және нақты болуын қамтамасыз ету,
- мемлекетте болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процесстердің даму қарқынын зерттеу, сараптау және талдау.
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі өзіне жүктелген мәселелер негізінде келесі міндеттерді атқарады:
- мемлекеттік статистика саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды дайындайды,
- статистика саласы бойынша шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдармен мемлекеттік статистиканың дамуына бағытталған келіссөздер жүргізеді және келісімдер жасасады,
- халықаралық статистикалық стандарттарға сай статистикалық әдістемені құрастырады,
- статистикалық жұмыс жоспарларынан тыс халықаралық санақ жүргізеді,
- статистикалық бақылаудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді,
- бекітілген бағдарлама негізінде мемлекеттік органдардың статистикалық әрекеттерін бағыттайды,
- шаруашылық есебін іске асыруға әдістемелік басқару жүргізеді.
- мемлекеттік статистикалық мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдайды,
- статистикалық жұмыс жоспары бойынша жалпы мемлекеттік статистикалық бақылау жүргізеді,
- Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгілеген тәртіп бойынша мемлекеттік органдарда статистикалық аналитикалық ақпаратпен қамтамасыз етеді,
- халықаралық стандарттарға сай мемлекеттік статистикалық регистрлерін жүргізеді,
- заңды және жеке тұлғалар үшін статистикалық ақпараттарға қолжеткізу мүмкіндігін береді,
- келісімдер негізінде белгіленген міндеттемелерге сай халықаралық ұйымдарға статистикалық ақпарат береді, сондай - ақ шет мемлекеттерімен статистикалық ақпарат алмасуын жүргізеді,
- мемлекеттік статистикалық органдарға ақпарат беретін заңды және жеке тұлғаларға статистикалық формадағы бланктермен және оларды толтыру нұсқауларымен қамтамасыз етеді,
- Республиканың және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық деректер базасын толтыруын, жүргізуін және ақпараттардың өзекті болуын қамтамасыз етеді,
- статистикалық ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастырады,
- жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың алғашқы және статистикалық санағына қадағалау жүргізеді,
- әдістемелік нұсқаулардың орындалуына қадағалау жүргізеді.