Негізгі бет
Жаңалықтар
Агенттік туралы
Жарияланымдар
Респонденттерге
Өңірлер
Әдіснама
Конкурстар
Блогтар
2009-шы жылғы мемлекеттік сатып алулар жоспары 
Негізгі бет > Конкурстар
 

 

 

2009 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың

нақтыланған жылдық жоспарына

өзгерістер енгізу  туралы

 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағының бірінші абзацына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2009 жылға арналған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспары бекітілсін (бұдан әрі– мемлекеттік сатып алудың жоспары).                                                                                                                                                               

          2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрайымының «2009 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарын бекіту туралы» 2009 жылғы 19 ақпандағы   № 35 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

          3. Ішкі әкімшілік департаменті (Асылова Б.А.) мемлекеттік сатып алудың жоспарын мемлекеттік сатып алу туралы заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жіберсін.

         4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы Ю.К. Шоқамановқа жүктелсін.                                                

          5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

      Төрайым                                                                   А. Мешімбаева