Қысқа мерзімді экономикалық индикатор өсімі 9%-ды құрды.
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2010 жылғы қаңтар-мамырда 2009 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 109,0% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2010 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 4592,8 млрд. теңгені құрды, бұл 2009 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 11,9% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда – 7,7%, өңдеу өнеркәсібінде – 20,2%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 8,8%, сумен жабдықтауда: кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуде бақылауда – 7% өндіріс өсімі байқалды.
2010 жылғы қаңтар-мамырда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 272,6 млрд. теңгені құрып, 2009 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 3% артты.
2010 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1322,8 млрд. теңгені құрды, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 5,9% кем.
2010 жылғы қаңтар-мамырда жүк айналымының көлемі 139,4 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрып, 2009 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,9% өсті.
Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымы (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 1108212,0 млн. теңгені құрап, 2009 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 12,1%-ға өсті.
Есепті кезеңде көтерме сауда тауар айналымы 2522183,3 млн. теңгені құрап, 2009 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 13,4%-ға артты.
Есепті кезеңде тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 51252,8 млн. теңгені құрады және 2009 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 6,8%-ға өсті.
Тұтыну бағаларының индексі 2010 жылғы мамырда 2009 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,2% құрды. Азық-түлік тауарларына бағалар 5,5%, азық-түлік емес тауарлар – 2,1%, ақылы қызметтер көрсетуге – 4,5% артты. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2010 жылғы мамырда 2009 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 8,6% артты.
2010 жылғы қаңтар-сәуірде сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитетінің деректері, ұйымдаспаған сауда есебінсіз) 25948,7 млн. АҚШ долларын құрып, 2009 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 34,9% өсті, оның ішінде экспорт – 18287,6 млн. АҚШ долларын (69,2% өсті), импорт – 7661,1 млн. АҚШ долларын құрады (9,2% азайды).
2010 жылғы сәуірде халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары баға бойынша 38992 теңгені құрды. Өсім 2009 жылғы сәуірмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 16,6%, нақты ақшалай табыстар үшін – 8,9% құрды.
2010 жылғы сәуірдегі қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 75203 теңгені құрады. 2009 жылғы сәуірге қарағанда 16,2% өсті. Нақты жалақы индексі 2009 жылғы сәуірге 108,5% құрады.
2010 жылғы мамырдағы жұмыссыздар саны бағалау бойынша 533,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 6,1% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2010 жылғы мамырдың соңына 85,7 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 1,0%. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,4%-ын құрады.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2010 жылғы 1 маусымда 304735 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5% артты, оның ішінде 50 адамнан кем емес қызметкерлері бар – 289016 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 191524 құрды, оның ішінде 176850 бірлік – шағын кәсіпорындар. Республикадағы шағын бизнес субъектілерінің саны (заңды тұлғалар) 220729 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6% артты.