|
|
|
2010 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,2%-ды құрады
2010 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,2%-ды құрады
Азық-түлік емес тауарлар өткен айда 0,3%, ақылы қызмет көрсетулер – 0,2%-ға қымбаттады. Баға көрсеткіші азық-түлік тауарларына 100%-ды құрады.
пайызбен, өсім
|
|
2010 жылғы шілде |
2010 жылғы қаңтар-шілде
2009 жылғы қаңтар-шілдеге |
|
2010ж.
маусымға |
2009ж.
шілдеге |
2009ж.
желтоқсанға |
2005ж.
желтоқсанға |
|
Барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер |
0,2 |
6,7 |
4,6 |
56,5 |
7,1 |
|
Азық-түлік тауарлары |
0,0 |
5,3 |
5,6 |
63,7 |
5,0 |
|
Азық-түлік емес тауарлар |
0,3 |
6,2 |
3,0 |
40,0 |
7,0 |
|
Ақылы қызмет көрсетулер |
0,2 |
9,0 |
4,8 |
62,9 |
10,0 |
-
Өткен айда бағаның төмендеуі жаңа сауылған сүтке 2%, жұмыртқаға – 5%-ға белгіленді. Баға деңгейі көкөністер мен жемістерге 1,2%, күрішке – 0,5%, қантқа – 0,3%-ға төмендеді. Бағаның өсуі құс етіне 1,9%, шайға – 1%, қарақұм жармасына – 0,9%, мал майына – 0,5%, нанға – 0,3%-ға анықтап белгіленді.
-
Бағаның өсімі жеке гигиена тауарларына, жуу және тазалау құралдарына 0,3%-дан, медициналық дәрі-дәрмектерге, құрылыс материалдарына – 0,4%-дан, темекі өнімдеріне – 0,6%-ды құрады. Бензиннің бағасы 0,5%-ға өсті.
-
Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтер ыстық суға 0,5%, тарату желісі бойынша тасымалданатын газға – 1,3%, қоқыс шығаруға – 1,6%-ға өсті.
-
Денсаулық сақтау қызметтері 0,7%, мейрамханалар мен қонақ үйлер – 0,8%, жолаушылардың темір жол көлігі – 4,7%-ға қымбаттады, ал байланыс қызметтері 4,4%-ға арзандады.
-
Тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге бағаның өзгеруі
-
-
________________
-
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.
-
2010 жылғы қаңтардан бастап ТБИ-ді есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі – 39%, азық-түлік емес тауарлар – 31,8%, ақылы қызметтер – 29,2%-ды құрады.
-
|
Орындаушы: |
Баға статистикасы |
Баспасөз қызметі: |
Мекенжай: |
|
Шаябаева Дина |
департаментінің директоры |
Жандаева Динара |
010000, Астана қаласы |
|
тел. 8(7172) 74-95-48 |
Кривко Н.И. |
Телефон: 8(7172) 74-92-57 |
Сол жағалау, Орынбор к-сі 8 |
|
D.Shayabaeva@stat.kz |
тел. 8(7172) 74-90-57 |
dzhandaeva@stat.kz |
Министірліктер үйі,
4 кіреберіс |
-
|
|
|
|