Жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысымен бекітілген Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiнің 6-тармағын басшылыққа ала отырып, Жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу туралы хабарлайды.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң одағы (қауымдастығы), шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық бiрлестiктер, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық салалық бiрлестiктерi аккредиттеуге жатады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу жөніндегі комиссиясының мәжілісі Астана қаласы, Министрліктер үйі, 4-кіреберіс, 9-қабат мекен-жайы бойынша 2011 жылғы 26 қаңтарда болады.
Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi Қазақстан Республикасы Статистика агенттігіне (№1012 кабинет, тел 74-95-52, 74-95-45) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) бекітілген үлгідегі өтiнiш;
2) салыстыру үшiн түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда құрылтайшылық құжаттардың, жарғының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
3) бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.