|
|
|
2010 жылғы тамызда Қазақстан Республикасындағы тұтыну бағасының индексі 100%-ды құрады
-
2010 жылғы тамызда Қазақстан Республикасындағы тұтыну бағасының индексі 100%-ды құрады
-
Баға азық-түлік тауарлары мен ақылы қызмет көрсетулерге өткен айда 0,1%-дан төмендеді, ал азық-түлік емес тауарларына 0,4%-ға өсті.
-
-
пайызбен, өсім
-
|
|
2010 жылғы тамыз |
2010 жылғы қаңтар-тамыз
2009 жылғы қаңтар-тамызға |
|
2010ж.
шілдеге |
2009ж.
тамызға |
2009ж.
желтоқсанға |
2005ж.
желтоқсанға |
|
Барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер |
0,0 |
6,5 |
4,6 |
56,6 |
7,0 |
|
Азық-түлік тауарлары |
-0,1 |
5,8 |
5,5 |
63,6 |
5,1 |
|
Азық-түлік емес тауарлар |
0,4 |
5,7 |
3,4 |
40,5 |
6,8 |
|
Ақылы қызмет көрсетулер |
-0,1 |
8,3 |
4,7 |
62,7 |
9,8 |
-
Өткен айда бағаның төмендеуі жеміс-көкөніс өніміне 3,5%, ал жеміске – 1,5%, көкөніске – 4,6%, картопқа – 6,6%-ға белгіленді. Баға деңгейі жұмыртқаға 2,2%, шикі сүтке – 0,2%-ға төмендеді. Бағаның көтерілуі сүт консервілеріне 0,3%, мал майына – 0,4%, кофе, шай және какаоға – 0,7%, ұнға – 0,8%, ет және құс етіне – 0,9%, қарақұм жармасына – 2,9%-ға байқалды.
-
Бағаның өсімі кеңсе тауарларына 3,6%, темекі өнімдеріне – 3,5%, кітаптар мен газеттерге – 0,6%, фармацевтика препараттарына – 0,5%, жеке гигиена тауарларына, киім мен аяқ киімге – 0,3%-дан құрады. Бағалар бензинге 0,2%, дизель отынына – 0,3%-ға өсті.
-
Білім беру қызметтері 0,5%, мейрамханалар мен қонақ үйлер – 0,6%, жолаушылардың темір жол көлігі – 2,4%-ға қымбаттады.
-
Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтер орталықтан жылытуға 1,3%, ыстық суға – 0,9%, электр энергиясына – 0,8%-ға, суық су және кәрізге – 0,1%-дан төмендеді.
-
Тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге бағаның өзгеруі
-
пайызбен, өсім
-
________________
-
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.
-
2010 жылғы қаңтардан бастап ТБИ-ді есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі – 39%, азық-түлік емес тауарлар – 31,8%, ақылы қызметтер – 29,2%-ды құрады.
-
-
-
-
|
Орындаушы: |
Баға статистикасы |
Баспасөз қызметі: |
Мекенжай: |
|
Шаябаева Дина |
департаментінің директоры |
Жандаева Динара |
010000, Астана қаласы |
|
тел. 8(7172) 74-95-48 |
Кривко Н.И. |
Телефон: 8(7172) 74-92-57 |
Сол жағалау, Орынбор к-сі 8 |
|
D.Shayabaeva@stat.kz |
тел. 8(7172) 74-90-57 |
dzhandaeva@stat.kz |
Министірліктер үйі, 4 кіреберіс |
|
|
|
|