2011 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,3% құрады
Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,3%, азық-түлік емес тауарларына – 0,4%, ақылы қызметтерге – 0,2%-ға өсті.
пайызбен, өсуі
|
|
2011 жылғы желтоқсан |
2011 жылғы қаңтар-желтоқсан 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанға |
|
2011ж.
қарашаға |
2010ж.
желтоқсанға |
2005ж.
желтоқсанға |
|
Барлық тауарлар мен қызметтер |
0,3 |
7,4 |
73,1 |
8,3 |
|
Азық-түлік тауарлары |
0,3 |
9,1 |
86,2 |
11,9 |
|
Азық-түлік емес тауарлар |
0,4 |
5,3 |
51,0 |
5,4 |
|
Ақылы қызметтер |
0,2 |
7,3 |
78,1 |
6,8 |
Өткен айда бағаның жоғарылауы жұмыртқаға 3,2%, етке, жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге – 1%-дан, балық және теңіз өнімдеріне – 0,9%, сүт өнімдеріне – 0,7%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитерлік өнімдерге – 0,6%, алкогольсіз сусындарға – 0,5%-ға тіркелді. Бағаның төмендеуі қантқа 5,6%, жармаларға – 3,2%, ұнға – 2,1%, картопқа – 1,9%, өсімдік майына – 1,4%, күрішке – 1,2%-ға белгіленді.
Баға дизель отынына 0,8%, қатты отынға – 1,7%, мотор майына – 2%-ға өсті. Баға өсімі жеке күтімге арналған тауарларға 0,6%, үй тұрмысына қажетті заттарына – 0,5%, киім және аяқ киімге – 0,4%, фармацевтикалық өнімдерге – 0,2%-ды құрады.
Демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтері 0,3%, денсаулық сақтау – 0,4%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 0,6%, мейрамханалар мен қонақ үйлер – 0,7%, көму – 1,2%-ға қымбаттады.
Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі
пайызбен, өсуі

________________
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.
2011 жылғы қаңтардан бастап ТБИ-ді есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі – 38,8%, азық-түлік емес тауарлар – 31,4%, ақылы қызметтер – 29,8%-ды құрады.
|
Орындаушы: |
Баға статистикасы |
Баспасөз қызметі: |
Мекенжай: |
|
Рахметжанова Ә.А. |
департаментінің директоры |
Алимова Динара |
010000, Астана қаласы |
|
тел. 8(7172) 74-95-31 |
Кривко Н.И. |
Телефон: 8(7172) 74-92-57 |
Сол жағалау, Орынбор к-сі 8 |
|
A.Rahmetzhanova@stat.kz |
тел. 8(7172) 74-90-57 |
D.Alimova@stat.kz |
Министірліктер үйі, 4 кіреберіс |