2009 жылғы қыркүйектегі бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 67357 теңгені құрап, өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 7,8%-ға, нақты көріністе – 1,7%-ға өсті, қаңтар-қыркүйекте тиісінше, 65841 теңгені және 10,6%-ға, нақты жалақы индексі 102,6%-ды құрады.
Салалық құрылымда жалақының ең үлкен мөлшері бұрынғыдай қаржы қызметінде – 129,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есеге асады) сақталуда, кен өндіру өнеркәсібінде – 126,7 мың теңге (1,9 есе), жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыру саласында – 107,3 мың теңге (1,6 есе), құрылыста – 94,6 мың теңге (1,4 есе) және көлік пен байланыста - 85,5 мың теңге (1,3 есе). Ең төменгі жалақы балық өсіру және балық аулау қызметкерлерінде сақталуда – 31,8 мың теңге, бұл ел бойынша көрсеткіштен орта есеппен 52,7%-ға аз.
Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында – 134,2 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2,0 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 42,4 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 37,1%-ға төмен.
2009 жылғы қыркүйектегі орташа айлық жалақы Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша

|
Орындаушы: |
Департамент директоры: |
Баспасөз қызметі: |
Мекенжайы: |
|
Ә.Әбдиева |
В.Е. Евстафьев |
Динара Жандаева |
010000, Астана қаласы |
|
тел. 8 (7172) 74-95-04 |
тел. 8(7172) 74-92-61 |
Телефон: 8(7172) 74-92-57 |
Сол жағалау, Орынбор көшесі 8 |
|
e-mail: A.Abdieva@stat.kz |
e-mail: vevstafyev@stat.kz |
dzhandaeva@stat.kz |
Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |