2009 жылғы қаңтар-желтоқсандағы нақты ЖІӨ-нің өсуі 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,2% құрды.
2009 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жедел деректер бойынша жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы бағаларда 15887,8 млрд. теңгені құрды. ЖІӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖІӨ-нен 43,8% құрды, қызмет көрсету – 54,8%.
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2010 жылғы қаңтарда 2009 жылғы қаңтарға қарағанда 108,5% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2010 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 175,9 млрд. теңгені құрды, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 2,9% артық.
Тұтыну бағаларының индексі 2010 жылғы қаңтарда 2009 жылғы қаңтармен салыстырғанда 107,3% құрды. Азық-түлік тауарларына бағалар 3,9%, азық-түлік емес тауарлар – 9,4%, ақылы қызметтер көрсетуге – 10,1% артты. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2010 жылғы қаңтарда 2009 жылғы қаңтармен салыстырғанда 48,6% артты.
2009 жылғы желтоқсанда халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары баға бойынша 39806 теңгені құрды. Өсім 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 13,2%, нақты ақшалай табыстар үшін – 6,6% құрды.
2010 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 542,9 мың адамды құрды. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 6,4% құрды. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2010 жылғы қаңтардың соңына 63,4 мың адамды құрды немесе экономикалық белсенді халық санына 0,7%. Жасырын жұмыссыздық деңгейі, бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,7%-ын құрды.
2009 жылғы желтоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 82779 теңгені құрды. 2008 жылғы желтоқсанға қарағанда өсім 13,6% болды. Нақты жалақы индексі 2008 жылғы желтоқсанға 106,9% құрды.
Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымы (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 221138,5 млн. теңгені құрып, 2009 жылғы қаңтармен салыстырғанда 11,8% өсті.
Есепті кезеңде көтерме сауда тауар айналымы 424961,9 млн. теңгені құрып, 2009 жылғы қаңтармен салыстырғанда -17,1% артты.
2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитетінің деректері, ұйымдаспаған сауда есебінсіз) 71604,4 млн. АҚШ долларын құрып, 2008 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 34,4% азайды, оның ішінде экспорт – 43195,7 млн. АҚШ долларын (39,3% азайды), импорт – 28408,7 млн. АҚШ долларын құрады (25% азайды).
2010 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 884,6 млрд. теңгені құрды, бұл 2009 жылғы қаңтарға қарағанда 10,3% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда – 5%, өңдеу өнеркәсібінде – 24,5%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 4,6% өндіріс өсімі байқалды.
2010 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 45,1 млрд. теңгені құрып, 2009 жылғы қаңтармен салыстырғанда 2,1% артты.
2010 жылғы қаңтарда жүк айналымының көлемі 25,8 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрып, 2009 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,3% өсті.
Тіркелген заңды тұлғалар саны 2010 жылғы 1 ақпанда 299008 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,0% артты, оның ішінде 50 адамнан кем емес қызметкерлері бар – 283505 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 188924 құрды, оның ішінде 174401 бірлік – шағын кәсіпорындар. Республикадағы шағын бизнес субъектілерінің саны 216170 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,0% артты.
2009 жылғы IІІ тоқсанда кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы нәтижесі табыс ретінде 966,9 млрд. теңге сомасында қалыптасты, бұл 2008 жылғы сәйкес кезеңдегі деңгейден 37,1% төмен. Пайдалылық деңгейі 24,8% құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 38,4%.
|
Орындаушы: |
Жарияланымдар және ақпаратты тарату басқармасының бастығы |
Баспасөз қызметі: |
Мекен-жай: |
|
Артықбаева Айшешек |
Сәрсембина Айжан |
Жандаева Динара |
010000, Астана қаласы |
|
тел. 8(7172) 749551 |
8(7172) 749509 |
тел. 8(7172) 749257 |
Сол жағалау, Орынбор көшесі 8 |
|
A.Artykbayeva@stat.kz |
asarsembina@stat.kz |
dzhandaeva@stat.kz |
Министрліктер үйі 4 кіреберіс |