Негізгі бет
Жаңалықтар
Агенттік туралы
Жарияланымдар
Респонденттерге
Өңірлер
Әдіснама
Конкурстар
Блогтар
www.akmola.stat.kz 
Негізгі бет > Өңірлер > Өңірлер > Ақмола облысы
 

 Ақмола облысының статистика департаменті

 

 Статистика Департаменті - Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің аумақтық органы болып табылады, мемлекеттік ұйымдарды, іскер топтарды, аймақтағы қоғам мен республиканы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, сонымен қатар, облыс аумағындағы статистика қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асуын бақылау мен қадағалау сияқты басқа да маңызды функцияларды атқарады.

 Департаментті - Мусина Е.Е. басқарады, орынбасарлары - Карғұлов Б.А., Қасымова А.А. Департамент құрылымында 8 басқармасы бар, ол басқармаларды Төлешова Г.И., Букина Ж.Ж., Мәкіжанова А.К., Авдеева Н.А., Локштейн Л.В., Тасболатова Б.Х., Көкенова Е.А., Козлова С.И. басқарады.

 Статистика департаментінің  құрылымында  17 аудандық және 1 қалалық статистика басқармасы бар. Бұл басқармаларді мемлекеттік статистика саласында 10 жылдан астам жұмыс атқарып келе жатқан Қарасаева К.А., Қожахметов А.К., Фартовская Л.И.,  Пустовойтенко Г.Ю., Гакштетер Н.И., Волкова Н.И., Игіліков Т.Б. сияқты басшылар басқарады.

 Мемлекеттік статистиканың статистикалық ақпараттарын жинауды және өңдеуді, статистикалық байқауларды және басқа да зерттеулерді жүргізуді және ұйымдастыруды, аумақта статистикалық ақпаратты баспаға шығаруды және оны тарату бойынша жұмыстарды “Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің ақпараттық-есептеу орталығы” республикалық мемлекеттік кәсіпорынының “Ақмола облысының статистикалық есептеу орталығы” еншілес мемлекеттік кәсіпорнымен статистика Департаменті және оның басқармалары тығыз байланыста жұмыс жасай отыра, жүзеге асырады. Есептеу орталығын Қазыбаева А.Н. басқарады, орынбасары Нұрмағанов С.М.

 Ақмола облысының статистика органында  қазіргі уақытта 370 адам қызмет атқарады, соның ішінде 296-ы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер. Қызметкерлердің  83,2% әйелдер құрайды. Олардың ішінде  жүзден астамы республикалық статистика жүйесінде 10 жылдан астам  уақыт істейді, 23 адам  Қазақстан Республикасының статистика озаты болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің ішінде статистика саласында қазір жұмыс істеп жатқандардың  63,5%  жоғары (соның ішінде 43,6% жоғары экономикалық),  35,8% орта кәсіптік білімдері бар. Мемлекеттік қызметтегілердің 40,2%-ның еңбек өтілі 5-тен 10 жылға дейін,  18,2% - 10-нан 15 жылға дейін, 27,4% - 15 жылдан астам. Солардың ішінде қазақтар – 58,4%, орыстар-26,5%, басқа ұлт өкілдері-15,1%-ды құрайды. Мемлекеттік қызметкерлердің ішінде 30 жасқа дейінгі қызметкерлер үлесі 9,8%, 31 ден 40 жылға дейін - 24,3%, 41 ден 50 жасқа дейін – 36,1%-ы құрайды, олардың орташа жасы 43,5 жасқа тең.

 

Адресі және хабарласу реквизиттері:
Почталық адрес:020000
Көкшетау қаласы,Горький көшесі 73;
Қалааралық код:8-716-2
Телефон:25-17-32; 25-81-84
E-mail:kok-stat@statbase.kz

 

Web – сайт: http:// oblstat.online.kz