Статистика департаменті облыстағы қоғам мен іскер орта және де Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы объективті статистикалық ақпаратты мемлекеттік органдарға қамтамасыз ету бойынша негізігі міндетті іске асыратын болғандықтан, бұл мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің аймақтық органы болып табылады.
Сонымен қатар, облыс аумағында статистикалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында қадағалау мен бақылау бойынша қызметтерді атқарады.
Облыстағы мемлекеттік статистика органында 246 адам қызмет етуде, оның ішінде 190 адам әкімшілік-мемлекеттік қызметкерлер болса, 56 адам – статистика бойынша ЕО қызметкерлері. Аталмыш жүйе қызметкерлерінің ішінде 72%-ын әйелдер қауымы құраса, 68 адамы бұл мекемеде 15 жылдан жоғары қызмет атқарса, 12 адам Қазақстан Республикасының статистика үздіктері бодып табылады. Облыстағы статистика мекемесінде мемлекеттік қызметкерлердің ішіндегі 70% жоғарғы оқу орнын бітірсе (оның ішінде 60% - жоғары экономикалық білімі бар), ал 30% - орта кәсіптік білімі бар, 5-тен 10-ға дейін мемлекеттік қызметтік өтілі барлары - 43%, 15 жылдан жоғары өтілі барлар - 39%, мемлекеттік қызметкерлердің арасындағы қазақ ұлты - 87%, орыс ұлты - 6%-ды құрайды, 30 жасқа дейінгі қызметкерлердің бөлігі - 13%-ға тең, 31-лен 40 жасқа дейінгілер - 12%, 41-ден 50 жасқа дейінгілер - 42%; қызметкерлердің орташа жас шамасы – 46,5 құрайды.
Статистика департаментін департамент бастығы - Ә.О.Боранбаева мен оның орынбасарлары А.Д.Мұқаев және Қ.С.Жекеев басқарады. Департамент құрылымында 10 басқарма қызмет атқарады және оларға И.Ф.Галкина., Н.П.Артемьева., Н.Г.Иванова., Е.А.Кузьмина., Р.У.Лим., Л.Д.Короткова., А.Ж.Сапашева., У.Т.Ташауова, Жульжанова З. Б., Дауенова Г. К. сияқты бөлім бастықтары жетекшілік етеді. Сондай-ақ департаментке оның 12 аудандық статистика басқармалары да де кіреді. Оның ең алғашқы бөлім бастықтары, яғни К.О.Бердиев, Ж.С.Мусин, М.А.Нағымов республикалық статистика органдарының жүйесінде 10 жылдан астам қызмет атқарып келеді.
Облыстағы мемлекеттік статистиканың статистикалық мәліметтерін жинақтау және өңдеу, статистикалық байқаулар мен басқа арнайы зерттеулерді ұйымдастыру мен зерттеулерді жүргізу, сонымен бірге аймақтағы статистикалық ақпараттарды жариялау мен тарату мәселелері Статистика департаментімен бірге Ақтөбе облысының статистика бойынша есептеу орталығы тығыз байланыста қызметтер жүргізеді. Ақтөбе облысының статистика бойынша есептеу орталығы – «ҚР статистика бойынша агенттігі ақпаратты-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның еншілес мемлекеттік кәсіпорыны болып табылады. Есептеу орталығын оның директоры – Ж.Ж.Беисов және статистикалық органда қызмет атқарып келе жатқан ЕО-ның жетекші секторларын мамандандырылған мамандар, яғни Черноусова Г. Е., Амиралин А. Т. басқарып келеді.
Байланыс реквизиттері мен мекен-жайлары:
Поштаның мекен-жайы :030020
Ақтөбе қаласы.,Әбілқайыр хан даңғ, 25;
Қала аралық код – 8 -713-2
Басшылардың телефондары :
54-28-02; 54-43-47;
E-mail: obl_aktobe@statbase.kz
Web - сайт: www.aktobe.stat.kz
http://www.eng.stat.kz/