Статистика департаменті ҚР Статистика агенттігінің аумақтық органы болғандықтан, мемлекеттік органдарды, іскерлік топтарды, өңірлік қоғамды және республиканы Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы объективті статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша маңызды міндеттерді орындайды, сондай-ақ облыс аумағында статистикалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты орындауды бақылау және қадағалау бойынша басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Департамент басшылары – Департамент бастығы Б.Т.Төлепбаев, оның орынбасары – С.К.Имирова. Департамент құрылымында 10 басқарма бар, оның басшылары Л.И.Иванова, М.М.Исаева, С.М.Малоголовая, А.Е.Салимова, С.Т.Романченко, Ш.М.Тохтарбекова, Г.К.Капанова, Ш.М.Самалдыкова, А.Ж.Елемесова, К.Ш.Болсанбек.
Статистика департаментінің құрылымында 16 аудандық және 3 қалалық статистика басқармалары бар, мына басшылар республиканың статистика органдары жүйесінде 10 жылдан астам уақыт жұмыс жасауда К.С.Абайдильдинова, Б.Т.Бекпентаева, Е.С.Жаманбалин, К.Н.Кожахметова, Л.Н.Лошкина, Р.Б.Намазов, Т.В.Сенченко, Ф.К.Ягмурова, М.Б.Букенов, А.Омиралин, Б.А.Касенова.
Облыстағы статистикалық мәліметтерді өңдеу, сондай-ақ жарияланымдар мен статистикалық ақпараттарды таратуды Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «ҚР Статистика агенттігінің ақпаратты-есептеу орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны болатын Алматы облысы статистика департаментінің есептеу орталығы әрдайым облыстың Статистика департаментімен бірге орындайды. Есептеу орталығының директоры Б.С.Нүкежанов.
Қазіргі кезде облыстың мемлекеттік статистика органдарында 323 адам жұмыс істейді, оның 263 - әкімшілік мемлекеттік қызметте және 60 – статистиканың Есептеу орталығының қызметкерлері; барлық қызметкерлерден 71,8% әйелдер құрайды, 50 адам республиканың стат органдары жүйесінде 15 жылдан артық жұмыс істеуде, одан 28 «Қазақстан Республикасының статистика Үздігі» атты құрмет атағын алған, одан 6 соңғы 5 жылда мемлекеттік марапатпен және арнайы мерейтой медалімен марапатталған. Облыстың стат органдарындағы мемлекеттік қызметкерлерден 76,9% жоғарғы білімді (соның ішінде 65,4% - жоғарғы экономикалық) және 25,0% - орта және кәсіптік білімді, одан 44,9% мемлекеттік қызметтегі еңбек стажы 5 жылдан 10 жылға дейін, 10,0% 10 жылдан 15 жылға дейін және 10,4% - 15 жылдан жоғары; одан қазақтар 85,5%, орыстар – 8%, өзге ұлт өкілдері 5,5% құрайды. Облыстың стат органдарындағы мемлекеттік қызметкерлер санындағы қызметкерлер үлесі 30 жасқа дейін 16,7%, 31-ден 40 жасқа дейін – 17,8%, 41 жастан 50 жасқа дейін – 39,0%; олардың орташа жасы 42,5 жылға тең.
Байланыс мекен-жайы мен деректемесі:
пошта мекен-жайы: 050040
Алматы қ., Марков көш. 44,
қалаарарлық код – 8-727-2;
басшы телефондары:
271-55-23; 271-55-26;
E-mail: oblstat.almaty@mail.ru