Негізгі бет
Жаңалықтар
Агенттік туралы
Жарияланымдар
Респонденттерге
Өңірлер
Әдіснама
Конкурстар
Блогтар
www.almaty.gorstat.kz 
Негізгі бет > Өңірлер > Өңірлер > Алматы қаласы
 

 Алматы қаласының cтатистика департаменті

     

Алматы қаласының Статистика департаменті, ҚР Статистика агенттігінің аумақтық бөлімшесі бола отырып, қаладағы және республикадағы мемлекеттік органдарды, іскер топтарын және жұртшылықты Алматы қаласының әдеуметтік-экономикалық дамуы туралы объективті статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі аса маңызды міндетті жүзеге асырады, сондай-ақ қаладағы статистикалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды бақылау және қадағалау бойынша басқа фунцияларды атқарады. 

Департаментті басқаратындары: Департамент бастығы Б.А. Қарғұлов, оның орынбасарлары С.С. Шыназбаева, А.А. Әбілдабеков. 

Департамент құрылымына 11 басқарма кіреді, оларды Г.Н. Беляева, А.Н. Диқамбаева, А.Т. Жұмабекова, С.Г. Лупенко, Н.В. Маркевич, Г.Б. Сәбірова, А.А. Сұрапбергенова, М.Д..Тәшенова, И.Г. Харитонова, Г.Ә. Шәукебаева, Г.Ж. Шопобаева басқарады. 

Департамент «ҚР Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының еншілес мемлекеттік кәсіпорынымен бірлесе отырып, мемлекеттік статистика деректерін жинауы мен өңдеуін, статистикалық байқаулар мен басқа арнайы байқауларды ұйымдастыруы мен өткізуін, сондай-ақ статистикалық ақпаратты қаладағы жариялауы мен таратуын жүргізеді. Есептеу орталығын басқаратындары: директордың міндетін атқарушысы Н.Ш. Ахметова; орталықтың жетекші бөлімшелерін білікті мамандар мен жүйе ардагерлері Л.Н. Архипова, Ж.Е. Тәпінова, Ә.Қ. Үмбетова басқарады. 

Статистика департаментінің құрылымында 82 әкімшілік қызметші жұмыспен қамтылған. Жұмыс істейтіндердің арасындағы әйелдердің үлесі 92% құрайды, 99%-да жоғары (соның ішінде 92%-да жоғары экономикалық) білімі бар. 5-10 жыл құрайтын еңбек өтілі бар қызметкерлердің үлесі 25% құраса, 16 және 12%-ың өтілі тиісінше 10-15 және 15-20 жыл құрайды. Ал қызметкерлердің 33%-ың еңбек өтілі 20 жылдан асады. Қазақтардың үлесі 62%, орыстардың - 28%, басқа ұлттар өкілдерінің - 10% құрайды. Жұмыс істейтіндердің арасында 30 жасқа дейінгілері 12%, 31-40 жастағылары - 21%, 41-50 жастағылары - 35%, 51-ден жоғары жастағылары - 32% құрайды, қызметкерлердің орташа жасы 43,7-ге тең.

 

Мекен-жай мен байланыс деректемелері:
почта адресі: 050008
Алматы қаласы, Абай даңғылы 125
халықаралық коды – 8-727
басшылардың телефон нөмірлері:
376-03-73; 376-08-55; 376-03-75