Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен Астана қаласы (1961 жылға дейін – Ақмола, 1961 жылдың 20 наурызынан 1994 жылдың 6 маусымына дейін – Целиноград, әрі қарай 1998 жылдың 6 мамырына дейін - Ақмола) Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. Еліміздің астанасын Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің бірінші шешім-қаулысы 1994 жылдың 6 шілдесінде қабылданғанымен, республикалық органдардың нақты көшірілуі 1997 жылдың желтоқсанында басталды.
Астана қаласының Статистика басқармасы 1998 жылдың қаңтарында құрылды және ол Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің аумақтық органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің (2008 жылдың 16 сәуіріндегі №49) бұйрығымен Астана қаласының Статистика департаментіне өзгертілді.
Астана қаласының Статистика департаменті мемлекеттік органдарды, астананың қоғамдастығы мен іскерлік орталарын Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы статистикалық ақпараттармен қамтамасыз ету жөніндегі маңызды тапсырмаларды іске асырады, сондай-ақ қала аумағында статистикалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады; мемлекеттік статистиканың статистикалық деректер жиынын, статистикалық бақылау мен басқа да арнайы зерттеулерді ұйымдастырып, жүргізуді жүзеге асырады; жарияланымдар шығарады.
Статистика департаментін бастық Г.М. Керімханова, бастықтың орынбасарлары – Г.Н. Қартбаева және А.С. Нұраленова басқарады. Департамент құрылымында 15 бөлім бар, оларда 67 әкімшілік мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлердің 93%-ын әйелдер құрайды, 90%-ында жоғары (оның ішінде 77%-ында – жоғары экономикалық) білімі бар, 24%-ында - 5 жылдан 10 жылға дейін, 42%-ында - 10 жылдан 15 жылға дейін, 19%-ында - 15 жылдан астам мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілдері бар; олардың ішінде қазақтардың үлесі 76%, орыстар – 21%; олардың 34%-ы - 30 жасқа дейінгілер, 14%-ы - 31-ден 40 жасқа дейінгілер, 31%-ы - 41-ден 50 жасқа дейінгілер және 21%-ы - 51-ден жоғары жастағылар. Ұжымда Қазақстан Республикасының 4 үздік статистиктері қызмет атқарады.
Мекен-жайы және байланыс деректемелері:
пошта мекен-жайы: 010000
Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 22;
халықар. код-8-717-2
басшы телефондары:
41-27-45; 32-62-08, 41-28-10
E-mail: astanastat@statbase.kz