Статистика департаменті, Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің аумақтық органы бола тұра, өңірдің және республиканың мемлекеттік органдарын, іскер топтарын және қоғамды Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы объективті статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша маңызды міндеттерді жүзеге асырады, сонымен қатар, облыс аумағындағы статистикалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін өзге де маңызды функцияларды жүзеге асырады.
Департаментті – департамент бастығы Төлеутаев Е.Д., оның орынбасарлары –Мұханғалиева Г.К. Құмарғалиев Н.Ж басқарады. Департамент құрылымында 9 басқарма бар. Оларға Акимова М.Т., Темралиева А.А., Адиева Г.С., Карташова Н.Н., Пузанова И.А., Есжанова А.Ғ., Кузембаева Л.Н., Есқалиева К.С., ҚұрманғалиеваБ.Қ. жетекшілік етеді.
Департамент өзінің құрылымында 7 аудандық статистика бақармасына ие, олардың басшыларының қатарында Құлманов М., Тілекова Р., Есенғалиева Г., Саменов С. облыс статистика органдары жүйесінде 20-34 жыл аралығында жұмыс жасайтындар.
Облыстың статистикалық мәліметтерін өңдеуді, сонымен қатар өңірдегі статистикалық ақпараттарды жариялау және таратуды Атырау облысының Статистика Департаменті «ҚР Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының еншілес мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын «Атырау облысының есептеу орталығымен» қоян-қолтық тығыз байланыста жүзеге асырады. Есептеу орталығын директор – Төлеуов А.Т., оның орынбасары – Мұқатов Ө.Қ. басқарады. Есептеу орталығының кейбір бөлімдеріне статоргандарының ардагерлері – Оразова Г.Т., Нұрғалиева М.С. жетекшілік етеді.
Облыстың мемлекеттік статистика органдарында, қазіргі таңда 111 адам қызмет етуде, олардың барлығы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер болып табылады; Есептеу орталығында 35 адам қызмет етеді. Қызметкерледің 74%-ын әйелдер құрайды, 47 жуық адам статоргандары жүйесінде 15 жылдан жоғары жұмыс жасайтындар, 10 қызметкерге «Қазақстан Республикасы статистикасының үздігі» құрметті атағы берілген.
Облыстың статоргандарында жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметкерлер ішінде 75,5%-ы жоғары білімді, оның 54,5%-ы жоғары экономикалық. 24,5% - орта арнаулы білімді қызметкерлер.
Мемлекеттік қызмет өтілі бойынша, қызметкерлердің 36,4% - 5 жылдан 10 жылға дейін өтілі барлар, 10% - 10 жылдан 15 жылға дейін, 16,4% - 15 жылдан жоғары.
Мемлекеттік қызметкер қатарында казақтар – 97,3%, орыстар және өзге ұлт өкілдері – 2,7% құрайды.
Облыстың статоргандарындағы мемлекеттік қызметкерлер арасында 30 жасқа дейінгі қызметкерлер үлесі – 21,8%, 31 ден 40 жас аралығы – 18,2%, 41 ден 50 жас аралығы – 30,9%, 50 жастан жоғары – 29,1% тең. Статистика жүйесіндегі қызметкерлердің орта жасы – 41,7 жасты құрайды.
Мекен жай және байланыс реквизиттері:
Пошталық адрес - 060007, Атырау қаласы, Махамбет көшесі, 116 «б»
Қалааралық код - 8-7122
Басшылар телефондары:
32-42-95; 32-83-83.
Е-mail: atyraustat@bk.ru