Cтатистика департаменті мемлекеттік органдарды, республика мен өңір жұртшылығын, іскер топтарды Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы шынайы статистикалық ақпараттармен қамтамасыз етуде маңызды міндеттерді іске асыратын, сонымен қатар, облыс аумағында статистикалық қызмет саласы бойынша ҚР мемлекеттік саясатын жүзеге асыруда қадағалау, бақылау және басқа қызметтерді атқаратын ҚР статистика Агенттігінің аумақтық органы болып табылады.
Департаментті - Департамент бастығы С.Ө. Мәдиев және оның орынбасары - Шевцова И. А. басқарады. Департамент құрылымында 10 басқарма бар, оларға Әлімбаева К.Ү., Базарбаева Х.Ы., Оспанова А.О., Пак Н.Ф., Польстер Н.В., Сайлыбекова Г.М., Тойбекова Қ.О., Шестакова Г.В., Шумилова Л.Т., Юсубова П.Г. басшылық етеді.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы статистика Департаментінің құрылымында 10 аудандық және 1 қалалық статистика басқармалары бар. Басшылардың арасында Джамбаева А.А., Рахымберді Б., Тұяқбайұлы Т., Тоққұлиев Е.Ә., Ұстабаева Ж.С. республиканың статистика органдарында 10 жылдан аса уақыт жұмыс істеген.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысының статистика Департаментінде 187 әкімшіліктік мемлекеттік қызметкерлер, оның ішінде 66,3%-ы әйелдер жұмыс істейді. 34 адамнан астам қызметкерлер республиканың статистика органдарында 15 жылдан артық жұмыс істеген, 15-і Қазақстан Республикасы статистикасының озаттары. Қазіргі кезде облыстың статистика органдарында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлердің 80,2%-ы жоғары білімді (олардың 71,1%-ы - экономикалық жоғары білімді) және 19,8%-ы - орта кәсіптік білімді, 44,9%-ы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 5 -тен 10 жылға дейінгілер, 18,2%-ы - 10-нан 15 жылға дейінгілер, 23,0%-ы - 15 жылдан артық жұмыс істегендер. Олардың 89,8%-ын - қазақтар, 4,3%-ын - орыстар, 5,9%-ын басқа ұлттың өкілдері құрайды. 30 жасқа дейінгі жұмыскерлердің мемлекеттік қызметкерлер санындағы үлес салмағы - 12,8%-ды, 31-ден 40 жасқа дейінгі - 27,8%-ды, 41-ден 50 жасқа дейінгі - 30,5%-ды құрады; жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлердің орта жасы 42,5 жасқа тең.
Мемлекеттік статистикалық есеп нысандарын өңдеуді, ұйымдастыруды, статистикалық байқаулар мен арнайы зерттеулерді өткізуді, сонымен қатар өңірдегі статистикалық ақпараттарды жариялау және таратуды, облыстың статистика Департаментімен бірлесіп әрекет жасауын "ҚР статистика Агенттігінің ақпараттық-есептеу орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорыны болып табылатын "Жамбыл облысының статистикалық есептеу орталығы" жүзеге асырады. Есептеу орталығын директор - Нұрпейісов М.Д. басқарады. Е.О. жетекші бөлімшелеріне облыстың статистика органдарының білікті мамандары - Табурова М.И., Середина Е.Н. басшылық етеді. "Жамбыл облысының статистикалық есептеу орталығы" ЕМК жұмыскерлерінің орташа тізімдік саны 54 адамды құрайды, оның 41,0%-ы әйелдер.
Мекен-жай және байланыс деректемелер:
Почталық мекен-жай: 080012
Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 18;
Халықаралық код - 8- 726-2;
Басшылардың телефондары:
45-64-67; 45-89-39;
Е- mail: statinfo @ tarazinfo.kz