Статистика департаменті Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің ең ірі аумақтық органдарының бірі болып табылады, аталмыш орган республиканың және аймақтың мемлекеттік органдарын, іскерлік ортаны және қоғамды Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жан-жақты статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі аса маңызды міндетті іске асырады, сонымен қатар облыс аумағындағы статистикалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қадағалау бойынша басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Департаментті – Департамент бастығы Л.В.Колесова, оның орынбасарлары Ғ.Н.Қасқырбаева және С.А.Комутова басқарады. Департамент құрылымында 14 басқарма бар, оларға Н.Я.Дасаева, И.Б.Буракова, А.С.Жұмабаева, Т.Г.Киндякова, Т.В.Тремясова, С.А.Нашарова, Н.М.Никольская, С.Т.Тринчук, Л.В.Эм, В.В.Краснощекова, И.В.Познышева, Л.Я.Кошелева, Л.Е.Белковец, О.Н.Садыкова басшылық етеді.
Аймақтағы мемлекеттік статистиканың статистикалық деректерін, жарияланымдарын өңдеу және статистикалық ақпараттарын таратуды облыстың Статистика департаментімен қатар тығыз байланыста “ҚР Статистика жөніндегі Ақпараттық-статистикалық орталық” Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның еншілес мемлекеттік кәсіпорыны болып табылатын Қарағанды облысының Статистика жөніндегі есептеу орталығы іске асырады. Есептеу орталығын – директор – Г.А.Сарычева және оның орынбасарлары – Е.С.Искаков пен С.К.Қонақбаева басқарады; ЕО-ның жетекші бөлімшелерін облыстың статистикалық органдарының білікті мамандары басқарады – Н.К.Голубева, С.В.Романова, Л.И.Токарева.
Қарағанды облысының мемлекеттік статистика органдарында бүгінгі күні 486 адам жұмыспен қамтылған, оның 319-ы әкімшілік мемелекеттік қызметші болып табылады, 60-і Статистика жөніндегі Есептеу орталығында (ЕО) қызмет атқарады, олардың ішінде 84%-ын әйелдер құрайды, шамамен 90 адам республика статоргандары жүйесінде 15 жылдан астам қызмет атқарып келеді, 26-сы Қазақстан Республикасы статистикасының үздігі болып табылады; соңғы жылдары 3 қызметкер Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен марапатталған, 5 қызметкер Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарына ие болды.
Бүгінгі күні облыстың статистика органдарында қызмет атқарып жатқан мемлекеттік қызметшілердің 87%-ында жоғары білімі бар (олардың 88%-ында – жоғары экономикалық білім), 13%-ында – орта кәсіби білім, 33%-ында мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан 10 жылға дейінді құрайды, 20%-ында – 10 жылдан 15 жылға дейін және 27%-ында – 15 жылдан астам; олардың арасында қазақ ұлт өкілдерінің үлесі 63%-ды құрайды, орыстар - 27%, басқа ұлт өкілдері - 10%. Қазіргі кезде жұмыс атқарып жатқан мемлекеттік қызметшілердің арасында 18%-ды 30 жасқа дейінгі тұлғалар құрайды, 31 жастан 40 жасқа дейін - 23%, 41 жастан 50 жасқа дейін - 29%; олардың орташа жасы 42,2 жасқа тең.