Негізгі бет
Жаңалықтар
Агенттік туралы
Жарияланымдар
Респонденттерге
Өңірлер
Әдіснама
Конкурстар
Блогтар
www.kostanai.stat.kz 
Негізгі бет > Өңірлер > Өңірлер > Қостанай облысы
 

 Қстанай облысының cтатистика департаменті

 

Статистика департаменті, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің аумақтық органы бола тұра,  мемлекеттік органдарды, іскер шеңберлерді, өңір  және республика қоғамдастықтарын Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық  дамуы туралы объективті статистикалық ақпараттармен қамтамасыз ету маңызды міндеттерін іске асырады, сондай-ақ облыс аумағындағы статистикалық қызмет саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылау мен қадағалау бойынша өзге функцияларды да жүзеге асырады.

Департаментті департамент бастығы Қ.Ш. Бәрімбеков, оның орынбасарлары – Р.М. Рыщанова, О.Н. Шахматова басқарады. Департамент құрылымында 11 басқарма бар, оларға Р.К. Ашаманова, Н.Ә. Бекетова, О.В. Иванова, Г.Б. Исмаилова, Т.В. Крохина, С.С. Қонақбаев, К.Т. Молдабаева, Е.В. Самоделова, Г.З. Сәрсенбаева, Е.Т. Ткаченко, З. Шымырбаева  басшылық етеді.

Статистика департаментінің өз құрылымында 16 аудандық және 3 қалалық статитика басқармалары бар, оларды басқарушылар арасынан Ұ.С. Байсақалова, М.В. Деревнина, К.Ш. Мұстафина, Н.Э. Панасенко, И.Д. Переузник, А.М. Семенова республиканың статоргандар жүйесінде 10 жылдан астам уақыт қызмет атқарып келеді.

Мемлекеттік статиcтикалық деректерді жинау мен өңдеу, статистикалық бақылауларды жүргізу мен ұйымдастыру және өзге арнайы зерттеулерді, сол сияқты өңірлерде статиcтикалық ақпараттарды жариялау мен таратуды облыстың Статистика департементімен тығыз байланыста “Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ақпаратты-есептеу орталығы” Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның еншілес мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын “Қостанай облысының статистикасы есептеу орталығы” жүзеге асырады. Есептеу орталығын басқарушылар: директор – А.Т. Ғалымжанов және оның орынбасары А.О. Әбділдин; Есептеу орталығының жетекші бөлімшелерін республиканың статоргандар жүйесінде 10 жылдан астам уақыт қызмет атқарып жүрген облыстың статоргандарының білікті мамандары – С.Б. Нұрғалиева, Л.С. Тикунова басқарады.

Қостанай облысының мемлекеттік статистикасы органдарында бүгінде 335 адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде 258-і әкімшілік мемлекеттік қызметкер болып табылады және 50-і статистика бойынша есептеу орталығында жұмыс істейді, олардың ішінде 81%-ын әйелдер құрайды, 50-ден астам адам республиканың статоргандар жүйесінде  15 жылдан аса жұмыс істейді, 13-і “Қазақстан Республикасының статистика үздіктері”; 3-і Республиканың мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Облыстың статистика органдарында қызмет ететін мемлекеттік қызметкерлер арасында 81%-ы жоғары білімді (оның ішінде 66% - жоғары экономикалық) және 19%-ы орта кәсіби білімді, 43% -ның мемлекеттік қызметте 5-тен 10 жылға дейін еңбек өтілі бар, 9% 10-нан 15 жылға дейін және 22%-ы – 15 жылдан жоғары; одан 53%-ын қазақтар, 26%-ын орыстар, 21%-ын  өзге ұлт өкілдері құрайды. Мемлекеттік қызметкерлер санының 30 жасқа дейінгі үлесі 21%-ға тең, 31-ден 40-қа дейін – 24%, 41-ден 50-ге дейін – 57%;олардың орта жасы 41,2 жасқа тең.  

 

Мекен – жай және байланыс реквизиттері:
Почталық мекен – жай: 110003
Қостанай қаласы, Майлин көшесі 2/4;
қалааралық код – 8-714-2;
Басшылардың телефондары: 53-50-53; 53-50-29; 53-61-73.
E-mail: statist@krcc.kz