Негізгі бет
Жаңалықтар
Агенттік туралы
Жарияланымдар
Респонденттерге
Өңірлер
Әдіснама
Конкурстар
Блогтар
www.kyzylorda.stat.kz 
Негізгі бет > Өңірлер > Өңірлер > Қызылорда облысы
 

 Қызылорда облысының cтатистика департаменті

 

 

Статистика департаменті ҚР Статистика агенттігінің аумақтық органы ретінде қызмет етеді, ол мемлекеттік органдарды, іскер топтарды, өңір қоғамын және республиканы Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы обьективті статистикалық ақпараттармен қамтамасыз ету, статистикалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты қадағалау және бақылау бойынша басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

          Департаментті – Департамент бастығы Б.И.Сапар басқарады, оның орынбасарлары – М.Ж.Баекеева, М.Ж.Аралбаев. Департамент құрылымы 8 басқармадан тұрады, оларды М.С.Лұқпанова, Т.М.Балханова, Д.Қапанов, К.М.Көптлеуова, Г.С.Ермекова, А.С.Оңғарбаева, Л.К.  Қабылбекова, Р.Қ. Мәндібаева басқарады.

           Сонымен қатар, Статистика департаментінің құрылымында – 7 аудандық статистика басқармалары бар, олардың басшылары С.Баймахан, Н.Б.Қалыбаева, Б.Ж.Құттыбаев, Қ.О.Оразалы 10 жылдан астам статистика жүйесінде жұмыс істейді.

           Келісім-шарт негізінде статистикалық ақпаратты өңдеу, табыстау және көбейту бойынша қызметтерді «ҚР Статистика Агенттігі ақпарат-есептеу орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асырады, директоры Машенбаев О.Т. 

           Қазіргі таңда Қызылорда облысының статистика органында 267  адам қызмет етеді, оның ішінде 169-ы әкімшілік мемлекеттік қызметкер және 40 адам ЕМК қызметкерлері, олардың арасында 62,9 пайызды әйелдер құрайды, 39 адам департаментте 15 жылдан астам қызмет етеді, 10 адам Қазақстан Республикасы статистикасының үздіктері. Облыстың статистика органында қызмет ететін мемлекеттік қызметкерлердің 87,6 пайызы жоғары білімді (оның ішінде 79,3 пайызы – жоғары экономикалық) және 12,4 пайызы орта кәсіптік білімді, 49,7 пайызының мемлекеттік қызметте 5 жылдан 10 жылға дейін, 10,7 пайызының – 10 жылдан 15 жылға дейін және 27,2 пайызының 15 жылдан жоғары жұмыс өтілі бар; қазақтар 97,6 пайызды құрайды. Мемлекеттік қызметкерлер арасында 30 жасқа дейінгі жұмысшылардың үлесі 8,9 пайыз, 31 жастан 40-қа дейін – 31,4 пайыз, 41 жастан 50-ге дейін – 35,5 пайызды құрайды; қызмет ететіндердің орташа жас шамасы 41,8 жасты құрайды.

 

Мекен жайы мен байланыс деректемелері:
пошталық мекен жайы: 120014
Қызылорда қаласы, Жахаев көш., 72;
қалааралық код – 8-724-2;
басшылардың телефондары:
26-23-09; 27-87-58;
Е-mail: info@oblstat.kz