Статистика департаменті ҚР Статистика агенттігінің аумақтық органы болып табылады, мемлекеттік органдарды, іскер топтар мен өңірдің және республиканың жұртшылығын Маңғыстау облысының әлеуметтік экономикалық дамуы туралы объективті статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша маңызды міндетті, сондай-ақ облыстың аумағындағы статистикалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Департаментті басқарады – Департаменттің бастығы Ш.Р.Шақабаева, орынбасарлары – Жармұхамбетов Д.Т. және Иванова Г.Б. Департаменттің құрылымында 11 бөлім бар, оларды Ахметова С.Е., Қабдрахманова Р.Е., Кетебаева Ш.Б., Темірбекова М.Ж., Дәуленова М.Х., Утюшева Р.Ф., Тулеубаева В.Т., Дмитриева Т.А., Бекқалиева А.Ж., Шахабаева В. – басқарады.
Статистика департаментінің өзінің құрылымында филиалдары бар – 6 аудандық және бір қалалық (облыстық мәндегі қала) статистика бөлімі, олардың басшыларының арасында Кенжебекова Г.Н., Назарова Б.Б. - 11-16 жыл бойына, ал Нұрбауова Ұ. - 20 жылдан аса облыстың статистика органдарында жұмыс жасаған.
Мемлекеттік статистиканың статистикалық мәліметтерін жинақтау және өңдеу, статистикалық байқауларды және басқа арнайы байқауларды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ өңірде статистикалық ақпаратты таратуды және жариялауды Статистика департаментімен өзара тығыз байланыста жұмыс жасайтын Маңғыстау облысының статистика бойынша есептеу орталығы жүзеге асырады, ол «ҚР Статистика агенттігінің ақпараттық есептеу орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорны болып табылады. Есептеу орталығын директор – Наринбаева А.С. басқарады.
Маңғыстау облысының мемлекеттік статистика органдарында қазіргі таңда 123 адам жұмыс жасайды, оның ішінде 100 адам әкімшілік мемлекеттік қызметші болып табылады, олардың 91% әйелдер құрайды, 10 адам республиканың статистика органында 15 жылдан аса жасайды, 7 Қазақстан Республикасы статистикасының үздігі болып табылады, 3 қызметкер ҚР мерейтойлық медаліне ие болды. Облыстың статистика органдарында жұмыс жасайтын мемлекеттік қызметшілердің арасында 79% жоғары білімі бар (оның ішінде 75% - жоғары экономикалық ) 21% - орта кәсіптік білім, мемлекеттік қызметте 1 жылға дейін еңбек өтілі бар -21%, 1 жылдан 5 жылға дейін - 65%, 20 жылдан аса - 14%; олардың ішінде қазақтар 89%, орыстар - 6%. Мемлекеттік қызметшілердің арасында 30 жасқа дейінгі қызметкерлердің үлесі 33%, 31 жылдан 40 жылға дейін - 26%, 41-50 жыл - 14%; барлық жұмыс жасайтын қызметкерлердің орта жасы 41 жас.
Мекенжайы және байланыс реквизиттері:
Пошталық мекенжайы: 130000
Ақтау қаласы, шағын аудан 23, 100 үй;
қалааралық код - 8-729-2;
басшылардың телефондары:
43-50-87; 43-39-85;
E-mail: obl-mang@statbase.kz