Негізгі бет
Жаңалықтар
Агенттік туралы
Жарияланымдар
Респонденттерге
Өңірлер
Әдіснама
Конкурстар
Блогтар
www.ontustik.stat.kz 
Негізгі бет > Өңірлер > Өңірлер > Оңтүстік Қазақстан облысы
 

 Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаменті

  

            Cтатистика департаменті, ҚР статистика Агенттігінің аумақтық органы бола отырып, өңірдің және республиканың мемлекеттік органдарды, іскер орталарды және Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақиқат статистикалық мәліметтермен қамтамасыз етудегі маңызды мақсатты жүзеге асырады, сондай-ақ  облыс өңіріндегі  статистикалық қызмет саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын бақылау және қадағалау сияқты басқа да қызметтерді атқарады.

Департаментті  – Департамент бастығы Б.Ш.Шайманов, оның орынбасарлары - Ж.Т.Ережепова және Е.С.Құлтаев басқарады. Департамент құрылымында:  Г.Т.Күнтуғанова, Р.Қ.Есбергенова, Н.Н.Шарыгина, Е.Т.Төлбасиев, А.С.Әмірова, Х.Ж.Нұрымбетова, Х.Г.Ахмирова, С.И.Байғараева, Б.И.Тұяқбаев, Cапарбаев Ғ.Ж., Евдокимова Е.Н., Карбышева Л.В. басқаратын 12 басқарма бар.

Сондай-ақ, Статистика департаменті өзінің құрылымында республиканың статоргандары жүйесінде 10 жылдан аса қызмет атқарып жүрген басқарма басшылары Б.Қ. Балқыбеков, Т. Аманов, Т.С. Нұрмұхаметов, Б.О. Көшербаев, Б.Е. Шәріпов, А. Кененбаев, М.С. Асанбаев, Б. Таутайұлы, Т.А. Төлбасы, Е. Сұлтан, Д. Жаңбырбаев, Ғ.Е. Мұсабеков, Б.Ж. Қайырбеков, Н.А. Тоқсанбаев басқаратын 11 аудандық және 4 қалалық (облыстық маңыздағы қалалар) статистика басқармаларынан тұратын филиалдары бар. 

Мемлекеттік статистиканың статистикалық мәліметтерін жинауды және өңдеуді, статистикалық байқауларды және басқа да арнайы зерттеулерді ұйымдастыруды және өткізуді, сондай-ақ статистикалық ақпараттарды сол өңірде жариялауды және таратуды, “ҚР статистика Агенттігі ақпараттық-есептеу орталығы” Республиканың мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорыны болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысының статистикалық есептеу орталығы облыстың статистика Департаментімен тығыз байланыста жүзеге асырады. Есептеу орталығын:  директор - Тасболатов М.Т. және оның орынбасары - Сопиева Г.С. басқарады.

           Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік статистика органдарында қазіргі уақытта 380 адам жұмыс істейді, олардың ішінде 310-ы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер болып табылады және 70-і Статистиканың есептеу орталығында жұмыс істейді, олардың 51,3% - әйелдер, 53-тен астам адам республиканың статоргандары жүйесінде 15 жылдан аса жұмыс жасап келеді, 32-сі Қазақстан Республикасы статистикасының үздіктері; 7-і соңғы жылдары Республиканың мерейтойы медальдарымен марапатталған. Облыстың статоргандарында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлердің 90% - жоғары білімді (оның ішінде 74% - жоғары экономикалық ) және 10% - арнаулы орта білімді, 42% - мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 5 жылдан 10 жылға дейінгі аралықта, 17% - 10 жылдан 15 жылға дейінгі аралықта және  41% - ы 15 жылдан аса; олардың арасында 90% қазақтар, орыстар - 4%, басқа ұлт өкілдері - 6%. Мемлекеттік қызметкелер қатарындағы 30 жасқа дейінгі қызметкелердің үлесі 19% тең,  31-ден 40 жасқа дейінгі - 24%,  41-ден 50-ге дейінгі - 27%; олардың орта жастары 41,9 жасқа тең.

 

Мекен-жайы және байланыс реквизиттері:
Почталық мекен-жайы: 160012
Шымкент қаласы,  Желтоқсан көшесі 30-а;
Қалааралық  код - 8-725-2;
Басшылардың телефон нөмірлері:
30-03-53; 30-03-36; 30-03-54;
E-mail: ukstat@shym.kz