Негізгі бет
Жаңалықтар
Агенттік туралы
Жарияланымдар
Респонденттерге
Өңірлер
Әдіснама
Конкурстар
Блогтар
www.shygys.stat.kz 
Негізгі бет > Өңірлер > Өңірлер > Шығыс Қазақстан облысы
 

 Шығыс Қазақстан облысының cтатистика департаменті

     

Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаменті облыс пен республиканың мемлекеттік органдарын, іскер топтарын және жұртшылықты еліміздің шығыс өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында нақты статистикалық ақпараттармен қамтамасыз ететін, сондай-ақ статистикалық көрсеткіштердің біртұтастығын, растығын және жеткіліктілігін қамтамасыз етіп, статистикалық ақпараттарды уақтылы жинау  бойынша басқа да қызметтер мен міндеттерді жүзеге асыратын ҚР Статистика агенттігінің бірден-бір ірі аумақтық органы болып табылады.

Департаментке Д.Ә. Тілеубаев және оның орынбасарлары Е.Т. Бекішев пен Г.И. Сницарук  басшылық жасайды.

Департаменттің құрылымында 13 басқарма бар, бұл басқармаларға  Л.П. Васильченко, С.А. Веригина, Г.В. Гагаринова, З.К. Жанбосынова, С.М. Калиновская, Ж.М. Кәрімова, Л.Д. Кириченко, Л.В. Калошина, М.Б. Дидахметова, Л.В. Красикова, Г.Н. Крукович, Ә.С. Нұржанова, В.А. Худоложкиналар жетекшілік етеді.

Статистика департаментіне аудандар мен қалалардың 19 статистика басқармасы кіреді, олардың басшыларының қатарында  К.Ж. Ибраева, Г.С. Кәрменова, Б.Ж. Мұхамеджанов  республиканың статистика органдарында 15 жылдан астам еңбек етіп келеді.

            Облыстағы мемлекеттік статистиканың статистикалық деректерін өңдеуді, статистикалық бақылаулар мен басқа да арнайы зерттеулерді жүргізуді, өңірдегі статистикалық және басқа да басылымдарды басып шығару мен көбейту бойынша қызметтер көрсетуді облыстың статистика департаментімен үнемі тығыз байланыстағы «Шығыс Қазақстан облысының статистика жөніндегі есептеу орталығы» жүзеге асырады, бұл мекеме «ҚР Статистика агенттігінің ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорны болып табылады

            СЕО ЕМК құрылымында жұмыстар мен қызмет көрсетулердің негізгі бөлігін орындайтын ірі үш өндірістік бөлім бар, олар: өндіріс статистикасын ақпараттық жасақтама бөлімі, бағдарлама және ДЭЕМ-ге жүйелі техникалық қызмет көрсету бөлімі және таралымды көбейту мен полиграфиялық жұмыстар бөлімі. 

2008 жылғы 3 тоқсанның деректері бойынша ШҚО Статистика департаментінде 361 әкімшілік мемлекеттік қызметші қызмет істейді, әйелдер үлесі 73,4%-ды құрайды. 72 мемлекеттік қызметші (19,9%)  республиканың статистика органдары жүйесінде 15 жылдан астам еңбек етсе, олардың 16ының «Қазақстан Республикасы статистикасының үздігі» құрметті атағы бар. Облыстың статистика органдарында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің 73,7%-ының - жоғары (соның ішінде 42,7% - жоғары экономикалық) және 26,3%-ының – орта кәсіптік білімі бар, 40,4%-ының мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 5-тен 10 жылға дейін, 12,5%-ында – 10-нан 15 жылға дейін және 27,9%-ында - 15 жылдан асады; олардың ішінде қазақтар 64,8%-ды, орыстар – 32,1%-ды, басқа ұлт өкілдері – 3,0%-ды құрайды. Осы жүйеде жұмыс істейтіндердің орташа жасы 42,3 жас, 30 жастағы қызметкерлер үлесі – 15,0%-ды,  31-ден 40 жасқа дейінгілер – 26,3%-ды, 41-ден 50 жасқа дейінгілер - 29,4%-ды құрайды.

 
 
Мекенжайы және байланыс деректемелері:
пошталық мекенжайы: 070004
Өскемен қаласы,
Тоқтаров көшесі, 85;
қалааралық коды - 8-723-2;
басшылардың телефондары:
25-27-81; 25-12-31; 25-29-94
E-mail: vkstat@ ustk.kz