Статистика департаменті, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің аумақтық органы бола тұра, республика және өңірдің мемлекеттік органдарын, іскер топтарын және жұртшылығын Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы объективті статистикалық ақпараттармен қамтамасыз ету бойынша маңызды міндетті іске асырады, соңдай-ақ облыс аумағындағы статистикалық қызмет саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылау мен қадағалау бойынша өзге функцияларды да жүзеге асырады.
Департаментті - департамент бастығы - А.Ж. Хамзин, оның орынбасарлары - Б.М.Әлімбаева және А.Б. Жұманов басқарады. Департамент құрылымында 10 басқарма бар, оларды Р.С.Арыстаналиева, М.З.Ахметова, А.О.Жарлығасова, Г.С.Есенғалиева, Л.Г.Калашникова, Т.А.Кравченко, Ғ.Ғ.Тоқжанова, С.М.Хұсайынова, Г.А.Шоқалова, Г.Н. Дәулетиярова басқарады.
Статистика департаментінің өз құрылымында 12 аудандық және 1 қалалық статистика басқармалары бар.
Мемлекеттік статистикалық деректерді жинау мен өңдеу, статистикалық бақылауларды жүргізу мен ұйымдастыру және өзге арнайы зерттеулерді, сол сияқты өнірлерде статистикалық ақпараттарды жариялау мен таратуды облыстың статистика департаментімен тығыз байланыста “Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ақпаратты-есептеу орталығы” Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның еншілес мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын “Батыс Қазақстан облысының статистикасы есептеу орталығы” жүзеге асырады. Есептеу орталығын басқарушылар: директор - В.Н.Шнипов, және оның орынбасары - М.М.Нұғманов.
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік статистикасы органдарында қазіргі кезеңде 259 адам қызмет етеді, оның ішінде 218 - әкімшілік мемлекеттік қызметкер, 41 – Статистика бойынша Есептеу орталығында жұмыс істейтін қызметкер болып табылады.
БҚО барлық статистика қызметкерлерінің ішінде - 72%-ын әйелдер құрайды, 40-тан астам қызметкер облыстың статоргандар жүйесінде 15 жылдан аса еңбек етеді, 17 қызметкер Қазақстан Республикасы статистикасының үздігі атағына ие болғандар.
Облыстың статоргандарында қызмет ететін мемлекеттік қызметкерлер арасында 81,1% жоғары білімді (оның ішінде 76,6% - жоғары экономикалық) және 18,9% - орта кәсіби білімді игерген.
Барлық мемлекеттік қызметкерлердің 11,9%-ның мемлекеттік қызметте 1-ден 5 жылға дейін еңбек өтілі бар, 39,0%-ның 5-тен 10-дейін, 20,2% -10-нан 15-ке дейін және 28,9% - 15 жылдан жоғары; жұмыс істейтіндердің ішінде 83,5%-ын - қазақтар, 13,7%-ын - орыстар, 2,8%-ын - өзге ұлт өкілдері құрайды.
Барлық мемлекеттік қызметкерлер санының ішінде 30 жасқа дейінгі қызметкерлер үлесі – 10,6%-ды, 31 жастан 40 жасқа дейін – 18,3%-ды, 41 жастан 50 жақа дейін – 41,3%-ды, 50 жастан жоғары – 26,1%-ды құрайды, орта жас – 43,6 жасқа тең.
Мекен жай және байланыс реквизиттері:
Пошталық мекен жайы: 090001
Орал қаласы, Мұхит көшесі 50/1;
Қалааралық Код – 8-711-2;
Басшылар телефоны:
51-05-02; 51-42-29; 50-38-41
Е-mail: svodstat@mail.kz